2023-04-21

Бірқатар БАҚ құралдарында тараған Bereke Bank-тің пруденциалдық нормативтерді бұзғаны туралы ақпаратқа

Бірқатар БАҚ құралдарында тараған Bereke Bank-тің пруденциалдық нормативтерді бұзғаны туралы ақпаратқа қатысты Банк төмендегіні хабарлайды.

Bereke Bank 2022 жылы орын алған жағдайдан кейін өз позициясын қысқа мерзімде қайта нығайтуда.

2023 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша қаржы институты бір ғана к3 көрсеткішін қоспағанда (2022 жылы болған қиын жағдайдың салдарынан капиталдың күрт төмендеуі себебінен), барлық пруденциалдық нормативтерін орындады. К3 – бір қарыз алушыға шаққандағы тәуекелдің максималды мөлшері. Қарапайым сөзбен айтқанда, бір клиенттің барлық несиелері бойынша ең көп қарызы.

Бұл ретте бұзушылық 0,5%-дан кем: меншікті капиталдың 25% нормасы кезінде көрсеткіш 25,27%-ды құрады.

1 сәуірдегі жағдай бойынша Банк бір қарыз алушыға шаққанда тәуекелдің ең жоғары мөлшерінің коэффициентін (к3) қоса алғанда, барлық пруденциалдық нормативтерді орындады.

Банк алдағы уақытта көрсеткіштерді жақсартуды көздеп отыр.