Комплаенс офицері Кірістерді жылыстатуға/терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл (Бұдан әрі - КЖ/ТҚІ)

    "Bereke Bank"АҚ көшбасшылығы

    Біз үшін көшбасшылық - ертеңгі күнге деген сенімділіктің КЕПІЛІ. Бірінші болу-ең озық идеяларды жүзеге асыра отырып, алға ұмтылу.

    Нәтижелерге сіздің өмірлік құндылықтарыңызбен бөлісетіндермен ғана қол жеткізуге болады деп сенеміз. Пікірлес команданың бір бөлігі болыңыз, Bereke Bank-ке келіңіз.

    Міндеттері
    • КЖ/ТҚІ туралы заңға сәйкес қаржылық мониторингке және ҚМА-не жіберуге жататын операциялар туралы ақпаратты анықтау, қалыптастыру, өңдеу;
    • Банктің өзге қызметкерлері жіберетін күдікті операциялар/клиенттер туралы хабарламалар бойынша талдау жүргізу және қорытындылар қалыптастыру;
    • КЖ/ТҚІ мәселелері бойынша банктің құрылымдық бөлімшелерінің сұрауларын қарау/келісу;
    • терроризм мен экстремизмді қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалар туралы Банк жүйелеріндегі мәліметтерді уақтылы өзектендіру;
    • іскерлік қарым-қатынас орнату кезінде клиенттердің іскерлік беделін тексеру,"тізімдерде" бар-жоғын тексеру.
    • міндетті бақылауға жататын операциялар бөлігінде КЖ/ТҚІ бойынша ҚР заңнамасында көзделген мәліметтер мен ақпаратты уәкілетті органға ұсынудың толықтығын қамтамасыз ету.
    • санкциялық режимдерді қолдану бөлігінде Банк клиенттерінің шығыс төлемдері/аударымдары бойынша бақылау, талдау;
    • санкциялық тәуекелдерді болдырмау үшін шарттарды/келісімшарттарды және әртүрлі құжаттарды талдау, келісу және сараптау;
    • санкциялық тізбелер мәселелері бойынша Банктің құрылымдық бөлімшелерімен өзара іс-қимыл жасау.
    Талаптары
    • Міндетті түрде комплаенсте (банк) жұмыс тәжірибесі
    • Жоғары білім, заңгерлік; экономикалық; қаржылық мамандығы.
    • Жоғары зейінділік, клиенттердің операцияларын күдік тұрғысынан талдай білу.
    • Ақпараттың үлкен көлемін талдай және жұмыс істей білу.
    • «AML» БҚ және басқа да банк жүйелерінде жұмыс істеу дағдыларының болуы.
    • Есептілікті қалыптастыру дағдыларының болуы.
    • Банк, азаматтық заңнама, кірістерді жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманы білу;
    • Заңнаманы талдау және практикалық салада қолдана білу;
    • Сауатты жазбаша және ауызша сөйлеу

    Біз келесілерді ұсынамыз:

    • Жұмыс кестесі 9.00 бастап 18.00 дейін
    • Қала орталығында орналасқан заманауи кеңсе
    • Ұдайы корпоративтік оқыту
    • Банк қызметкерлеріне арналған ең үздік әлеуметтік пакеттердің бірі (ЕМС, материалдық көмек және әлеуметтік қолдау, күн сайынғы медициналық демеу және т.б.)
    • Жарқын және қызықты оқиғаларға толы корпоративтік өмір